Новости

Таныстықтан ынтымақтастыққа.

2004 жылдың 25-мамырында «СодБи» Бизнес-инкубаторы Конференц-залында «үшінші секторды» және Оңтүстік Қазақстан облысы ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік органдар әрекеттесу жолдарын дамыту мәселелерін талқылау бойынша, Шымкент қаласының үкіметтік емес ұйымдар басшыларының мемлекеттік құрлым өкілдерімен кездесуі өтті...

2004 жылдың 25-мамырында «СодБи» Бизнес-инкубаторы Конференц-залында «үшінші секторды» және Оңтүстік Қазақстан облысы ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік органдар әрекеттесу жолдарын дамыту мәселелерін талқылау бойынша, Шымкент қаласының үкіметтік емес ұйымдар басшыларының мемлекеттік құрлым өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет пен ҮЕҰ әрекеттесуі бойынша негізгі бағыттарды 2003 жылы өткен Азаматтық форум барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткен болатын. Бұл форум билік пен «үшінші сектор» арасындағы белсенді диалогтың бастамасы болды. Әрекеттесу мәселелерін талқылау Ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі Департаментінің бастамасымен өткен кезекті «Оңтүстік Қазақстан облысы ҮЕҰ Инфо-орталығы» отырысында жалғасын тапты. Отырысқа облыстың 23 ҮЕҰ-ның басшылары қатысты.