Новости

Өндірісті қолдау жолында.

СОДБИ Бизнес-инкубаторы облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен бірге «Оңтүстік Қазақстанда жасалған» жобасын жүзеге асыруды бастады.

СОДБИ Бизнес-инкубаторы облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен бірге «Оңтүстік Қазақстанда жасалған» жобасын жүзеге асыруды бастады 2004 жылдың 22-маусымынан бастап, СОДБИ Бизнес-инкубаторы «Оңтүстік Қазақстанда жасалған» жобасын жүзеге асыруды бастады. Бұл жоба мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндіріспен айналысатын тұлғалар туралы ақпарат базасын жасау. Жоба облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасымен бірге жүзеге асырылып отыр. Жоба бойынша облысымыздың 15 ауданында тауар және қызмет өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлермен, «өз ауыздарынан» мағлұмат жинау мақсатында кездесулер өткізіледі. Фирмалар, тауарлары және олардың бағалары туралы жиналған мағлұмат, сонымен қатар олармен байланыс жолдары 2004 жылдың қыркүйек-қазан айларынан бастап іске қосылатын, кәсіпкерлерге арналған shymkent.com ақпараттық порталының ақпараттық базасына орналастырылады. Ақпараттық порталдың жасалуы Бизнес-инкубатордың «Бизнес Онлайн» жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.